Постбэк орнату
Постбэк орнату процесін бастау үшін “Қосу” батырмасын басыңыз және қалауыңыз бойынша міндетті өрістерді толтырыңыз.
- Постбэк атауы – шатаспау үшін әрбір постбэгіңізге түсінікті әрі бірегей атау енгізіңіз (мысалы, "FTD_YT_BR").
- Оқиға – ашылмалы тізімнен таңдаңыз (Тіркелу, Алғашқы депозит және т.б.).
- Postback URL – трекеріңіздегі URL-ді қойыңыз (жоғарыдағы мысалдарды тексеріңіз).
- Параметрлер – параметрлерді автоматты түрде қосу үшін «Postback URL» өрісінің астындағы көк түсті дайын үлгілерді (“Click ID”, “Депозит сомасы”) басыңыз.
- Әдіс – GET (әдепкі бойынша)
- Валюта – сомалар үшін $ немесе ¢ таңдаңыз
- СІріктеу сүзгілері
Бұл параметр постбэктің нақты қай науқанға немесе қосалқы шотқа қатысты екеніне байланысты, оның қашан жіберілуі керегін анықтауға мүмкіндік береді. Сіз бұл өрістердің біреуін немесе екеуін де толтыра аласыз.
Іріктеу сүзгілерін не үшін қолданамыз?
Олар трафикті барынша дәл басқаруға көмектеседі:
- Әртүрлі трафик көздерін бір-біріне тәуелсіз оңтайландырыңыз, егер сіз тиімділікті бақылайтын бірнеше құралды қолдансаңыз, негізгі оқиғаларды біріне, ал қосымша параметрлері бар оқиғаларды екіншісіне жібере аласыз.
- A/B тесттерін жүргізіңіз - іріктеу қай трафик көздерінің көбірек конверсия әкелетінін және әртүрлі науқандардың, креативтердің немесе лендинг беттерінің қалай жұмыс істейтінін көруге көмектеседі.
- Құралдарды қауіпсіз тексеріңіз немесе көшіріңіз– сіз жаңа бақылау құралына постбэктерді ескісімен қатар жіберіп, толық ауыспас бұрын деректерді салыстыра аласыз.
Жүйе постбэтер жіберу керегін қалай анықтайды:
- Науқан да, қосалқы шот та көрсетілмеген
Постбэк таңдалған триггер оқиғасы үшін науқанға немесе қосалқы шотқа қарамастан жіберіледі. - Тек науқан көрсетілген
Постбэк триггер оқиғасы үшін тек трейдердің бақылау сілтемесінде осы нақты науқан болған жағдайда ғана жіберіледі. - Тек қосалқы шот көрсетілген
Постбэк триггер оқиғасы үшін тек трейдердің бақылау сілтемесінде осы нақты қосалқы шот болған жағдайда ғана жіберіледі (қай науқанға жататыны маңызды емес). - Науқан да, қосалқы шот та көрсетілген
Постбэк тек трейдердің сілтемесіндегі екі мән де сіз енгізген науқан мен қосалқы шотқа сәйкес келген жағдайда ғана жіберіледі.
(Белсендіру туралы ескертпе: постбэк белсендірілген соң, таңдалған оқиға орын алып, шарттар орындалған соң 15 секунд ішінде жіберіледі).
- Қажет болса белсендіріп, “Қосу” дегенді басыңыз
Постбэк мәртебелері
Постбэктер өз циклінде бірнеше мәртебеден өтеді. Төменде әрқайсының мағынасы және мәртебенің өзгеруіне не себеп болатыны көрсетілген:
- Тексеру (~15 секунд) – постбэк алғаш рет жасалғанда, өңделгенде немесе көшірілгенде оны кез келген қателердің бар-жоғына тексереміз
- Постбэк дұрыс көшірілсе → Белсенді күйіне өтеді.
- Егер қателер табылса → постбэк Белсенді емес мәртебесіне ауысады және интерфейсте қате туралы хабарлама көрсетіледі.
- Постбэк өңделмейді не кідіріске қойылмайды - тек жойылады
- Белсенді - постбэк дұрыс жұмыс істеп, дерек жинап тұр.
- Егер өңделсе → уақытша Тексеру мәртебесіне қайта оралады.
- Егер қатарынан 10 рет 3xx/4xx HTTP қатесі алынса → автоматты түрде өшеді, интерфейсте қате көрсетіледі және электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.
- Белсенді емес – валидациядан өтпеуі, қолмен өшірілуі немесе қателер санының шекті мәннен асуы себебінен постбэк тоқтатылған. Қайта “Белсенді” күйіне ауысу үшін қатені түзетіп, қайта тексеруден өткізу қажет.
Негізгі әрекеттер:
- 10 рет тексеру қатесі болса, белсендіру үшін менеджердің көмегі керек
- Белсенді постбэктер өз жұмысын қадағалайды және деректерді жеткізудегі тұрақты іркілістерден қорғайды
Постбэк журналдары
Мұнда соңғы 30 күн ішінде жасалған барлық постбэктерді таба аласыз. Бұл бөлім баптаулардағы қателерді анықтауға және, мысалы, нені түзету қажеттігін түсінуге көмектеседі.
Ықтимал қателер тізімі:
Постбэктер сәтсіз аяқталған жағдайда, Журналдар бөлімінен мәртебе кодын тексеріңіз.
Қате 3xx – Қайта бағыттау қатесі
Серверде: “Мұның орнына басқа мекенжайға барыңыз” деп шығады.
Нәтижесі: Постбэгіңіз басқа біреуге жіберіледі.
Негізгі себептер:
Постбэк URL-і автоматты түрде қайта бағытталады (HTTP→HTTPS, www/не-www, трекинг сілтемелері)
- Сервер немесе трекер сұраныстарды басқа мекенжайға бағыттайды
- Сіздің серверіңіз жол-жөнекей URL-ді жасырын түрде өзгертеді
Оны қалай түзейміз?
1. Постбэк URL-ін көшіріңіз
2. Оны браузердің мекенжай жолағына қойып, Enter басыңыз
3. Оның жүктелуін күтіңіз (немесе қайта бағытталудың тоқтауын)
4. Мекенжай жолағында қазір көргеніңізді көшіріңіз, бұл сіздің постбэк URL-іңіз болып табылады
Қате 4xx – Клиент қатесі
Серверде: “Сіздің сұрауыңызда қате бар” деп шығады.
Нәтижесі: Әдетте бұл орнату мәселесі.
Негізгі себептер:
- 404: Постбэк URL-і табылмады (мекенжайдағы, домендегі немесе параметрлердегі қате)
400/422: Жетіспейтін немесе жарамсыз параметрлер (clickid, мәртебе, сома)
403/401: Сервер сұранысты бұғаттайды (firewall, IP ақ тізімі, авторизация қажет)
Оны қалай түзейміз?
- Толық постбэк URL көшіріңіз (clickid сияқты барлық параметрлермен бірге)
- Оны серверіңіздің баптауларымен таңба бойынша мұқият салыстырып тексеріңіз
- Браузерде ашып көріңіз, “бет табылмады?” деп шыға ма?
- Қате бөлігін түзеңіз (домен, жол немесе жоқ ақпарат) және оны жаңартыңыз
Пікірлер
0 пікір
Мақалаға пікір жазу жабылған.